Жамбылда кәмелетке толмаған балалар көлік айдап жүр (видео)
Жамбылда кәмелетке толмаған балалар көлік айдап жүр (видео)
269
оқылды
Polisia.kz Телеграм-арнасы кеше түнде республиканың барлық өңірінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейдтік іс-шаралар басталғанын хабарлады. Полиция қызметкерлері 20 тамызда атқарған жұмыстардың бір парасы мынадай: 1. Абай облысы: көлік жүргізуге құқығы жоқ жүргізуші ұсталды. 2 . Қарағанды облысы: ауыр жүк көліктерінің құжаттары мен мөлшерден тыс жүк тасымалдау бойынша тексерістер жүргізілді. 3. Жамбыл облысы: жасөспірімнің басқаруында көлік тоқталып, онда отырған кәмелеттік жасқа толмағандар анықталды. 4. Солтүстік-Қазақстан облысы: бұрын жүргізуші құқығынан айырылған автобус жүргізушісі анықталды. 5. Ақмола облысы: мас жүргізуші анықталды. 6: Қызылорда облысы: алдын алу жұмыстарын ескерту, салауатты өмірге бастар қадам. Қазақстан аумағында рейдтік іс-шаралар жалғасуда.