Талдықорған полициясы көшеде әйелді соққыға жыққан ер адамды іздеп жатыр
Талдықорған полициясы көшеде әйелді соққыға жыққан ер адамды іздеп жатыр
296
оқылды
Жетісу облысында әйелді соққыға жыққан ер адамға қатысты тергеу басталды. Әлеуметтік желіде ер адамның әйел адамға көшеде күш көрсетіп жатқан видеосы тарады. «Бейнежазба назарға алынғанын хабарлаймыз. Аталған оқиға 20 тамыз күні кешке Талдықорған қаласындағы Қабанбай батыр мен Ақын Сара көшелеріне жақын жерде орын алғаны белгілі болды», - деп мәлімдеді Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі. Қалалық полицияға арыз бен өтініш түскен жоқ. Оған қарамастан факті бойынша жанжалға қатысушыларды анықтауға бағытталған қажетті іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылды. Полиция зардап шеккен әйел мен оқиға куәгерлерін 8-702-807-94-27 немесе 102 нөмірлері бойынша хабарласуды сұрайды.