Әлеуметтік желідегі бойжеткеннің мәлімдемесінен кейін тексеру басталды
Әлеуметтік желідегі бойжеткеннің мәлімдемесінен кейін тексеру басталды
© ztb.kz
Назарбаев университетінің қызметкерлері студент қыздарды зорлағаны туралы бейнеүндеу бойынша Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері тексеру жұмыстарын бастады. 
«Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында жас қыздың бейнеүндеуі анықталды. Ол Назарбаев университетінің профессорлық-оқытушылық және техникалық персоналы тарапынан қысым көрсету және зорлауға қатысты, сондай-ақ жоғары курс студенттерінің төменгі курс қыздарына қысым көрсетуге қатысты бірнеше фактіні білетіні туралы айтты. Бейнеүндеу Есіл ауданының Полиция басқармасында тіркелді. Полиция қызметкерлері қазір тексеру жүргізіп жатыр. Толығырақ кейін  хабарлаймыз!», делінген Рolisia.kz Telegram каналында.

Бұған дейін ШҚО-да өгей әке 13 жастағы қызын 5 жыл бойы зорлап келгенін жазған болатынбыз.