Павлодар облысында жантүршігерлік жол апаты болды.
Polisia.kz-тің дерегінше, апат кеше сағат 18.00-де Қалқаман ауылы маңында болған.
Қалқаман – Баянауыл-Керней автожолында Mercedes-Benz E 220 автокөлігінің 51 жастағы жүргізушісі рульді игере алмай, көлікпен жолдың шетіне аударылып кеткен.
«Жол апатынан жарақат алған жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. 1969 жылы туған жолаушы ауруханаға жеткізілді», – деді полицейлер.
Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Оқиғаның мән-жайын полиция анықтайды.