«Азаматтарға арналған үкімет» Ақтөбеде ұсталған қылмыстық топ мүшелеріне қатысты мәлімдеме жасады
«Азаматтарға арналған үкімет» Ақтөбеде ұсталған қылмыстық топ мүшелеріне қатысты мәлімдеме жасады
325
оқылды
19 тамызда Ақтөбе облысы бойынша полиция департаментінің жеке қауіпсіздік басқармасы қызметкерлері қалалық мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында (ХҚКО) азаматтарға жүргізуші куәлігін заңсыз бергені үшін күдіктілерді ұстады. ҚР Ішкі істер министрлігінің БАҚ-қа таратқан ақпаратына сәйкес, ұйымдасқан қылмыстық топ қатысушылары яғни мамандандырылған ХҚКО-ның қызметкерлері кейбір клиенттердің емтиханға кедергісіз кіруіне көмектескен. «Теориялық емтихан тапсыру кезінде пайдаланылатын биометриялық жүйеге қызметімен «U-Study» ЖШС айналысады. Сондай-ақ, емтихан тапсыруға келген кандидаттарды тексеру және оларды сынақ өтетін кабинетке кіргізумен де «U-Study» ЖШС қызметкерлері айналысады», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарушы директоры Нариман Дүйсекеев. Оның айтуынша, Ақтөбе облысы бойынша полиция департаментінің жеке қауіпсіздік басқармасы өкілдері мамандандырылған ХҚКО-ның қызметкерлерін емес, «U-Study» ЖШС-нің қызметкерлерін ұстаған.