Жүргізуші куәлігін заңсыз берген
Жүргізуші куәлігін заңсыз берген
589
оқылды
Ақтөбе облысының полициясы азаматтарға 200 мың теңге ақшалай сыйақы үшін жүргізуші куәлігін алып берумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады. Топ мүшелері Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында жұмыс істеген. Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде емтихан тапсыруға арналған сыныпқа кіреберісте ХҚО қызметкерлері өздерінің қылмыстық рөліне сәйкес кандидаттарды тексермей, тізім бойынша кедергісіз өткізіп отырған. Алдын ала ақша берген кандидаттардың тізімін азаматтық тұлғалар, яғни топ мүшелерінің сыбайластары жасап отырған екен. Емтихан тапсырушы құлаққаппен, микрофонмен және камерамен жабдықталып, компьютер сыныбына өтіп, мониторда шыққан сұрақтарды қызметкерлерге көрсетіп отырған. Ал олар жалдамалы пәтерде отырып, дұрыс жа­уаптарды нұсқаған. Сондай-ақ топтың тағы бір мүшесі емтихан кезінде көрші кабинетте отырып, тест тапсырушыларды роутердің көмегімен интернетке қосқан. Осылайша, азаматтар тестті заңсыз тапсырып, жүргізуші куәліктерін алған. Жалдамалы пәтерді тінту кезінде полиция қызметкерлері 6 млн 690 мың теңге, 1 800 АҚШ долларын тәркіледі. Сондай-ақ кішкентай құлаққаптар, шағын бейнекамералар, камералары бар жилеттер, қуаттау құрылғысы табылды. Жеке тексеру кезінде емтихан тапсырушының бірінен марихуанаға ұқсас өсімдік тектес зат шыққан. Арнайы операциядан кейін ұсталған қылмыстық топты тергеу басталды.