«Астана LRT» ісі бойынша бірнеше тұлғаға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды. Атап айтқанда, Р.Аманжолов және басқа да тұлғаларға қатысты қылмыстық іс сотта қаралады.
Қылмыстық іске қатысты алдын ала тыңдау 2022 жылы 24 тамызға белгіленген. Елордадағы LRT-ның құрылысы 2019 жылы сәуірде тоқтатылған еді. 2020 жылдың қаңтарында құрылысқа қатысты істі тергеу шаралары аяқталды. Сол жылы қазанда «Астана LRT» компаниясы бойынша іс сот қарауына жолданды. Биыл 13 тамызда Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен «Астана LRT» ЖШС Басқарма төрағасы Талғат Арданға қатысты қылмыстық істі сотқа жолданғаны туралы хабарлаған болатын.