Магистратура бойынша білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды
Магистратура бойынша білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды
514
оқылды
2022-2023 оқу жылына арналған магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды. Еске сала кетейік, биыл ғылыми-педагогикалық магистратураға түсу үшін шекті балл – 75, мамандандырылған магистратураға түсу үшін   50 балл болды. Кешенді тес­тілеу нәти­желерімен келіспеген жағдайда  үміт­кер­лер тестілеуден өткеннен кейін онлайн апелля­цияға бере алды. 2022-2023 оқу жылы­на арналған ма­гистратураға 13 мыңнан аса грант бөлінген. Магистратураға білім беру грантын тағайындау конкурсы 16-20 тамыз аралығында өтті. Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімін көру үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз.