Жаңадан құрылған үш облыста Сенатқа жаңа депутат сайланады
Жаңадан құрылған үш облыста Сенатқа жаңа депутат сайланады
417
оқылды
Жаңадан жасақталған Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарында Парламент Сенатының депутаттарын сайлау өтті. Заңға сәйкес, жаңа сенаторларды әр өңірдің мәслихат депутаттары таңдайды. Олар жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс береді. Сайлау мәслихат депутаттарының бірлескен отырысынан кейін елорда уақытымен сағат 11.00-де басталды. Бүгінде Сенатқа сайланатын 6 мандатқа үш облыстан 12 кандидат үміткер болып отыр. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, дауыс беретін мәслихат депутаттарының жалпы тізіміне 346 адам енгізілген. Сонымен қатар дауыс беру барысын, Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсы арқылы онлайн бақылау мүмкіндігі болды. https://www.youtube.com/watch?v=Ywl_3SUiX98