«Қазпошта» қызметкерлері 37 миллион теңгеден аса қаржы жымқырған - сот үкімі шықты
«Қазпошта» қызметкерлері 37 миллион теңгеден аса қаржы жымқырған - сот үкімі шықты
425
оқылды
БҚО-да "Қазпошта" АҚ пошта бөлімшесінің екі қызметкері 37 миллион теңгеден аса қаржы жымқырғаны үшін сотталды.
"ҚМА БҚО бойынша департаменті "Қазпошта" АҚ пошта бөлімшесінің екі қызметкерінің ЖШС бірінің шотына өткізген ақшасын 4 жыл бойы ұрлау дерегін анықтады. Барлығы 37 миллион теңгеден аса ақша ұрланған. Сонымен қатар, олар 2013-2020 жылдары ішінде құжаттарды қолдан жасау арқылы зейнеткердің 1,2 миллион теңгеден аса қаражатын иемденіп алған", - делінген хабарламада.
ҚМА мәліметінше, операторлар 7 жылға бас бостандығынан айырылған. Оларға қаржылық және мемлекеттік ұйымдарда материалдық жауапты қызметтерді атқаруға өмір бойына тыйым салынады.