Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев отставкаға өтініш берді
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев отставкаға өтініш берді
1,307
оқылды
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев отставкаға өтініш берді. Баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс әкімі өтінішті 24 тамызда жазған. Еске сала кетсек, орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Өмірзақ Шөкеев:
«Кентау әкімінің қылмысы дәлелденсе, отставкаға кетуге дайынмын» деген болатын.
Ал бүгін Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Шөкеевтің отставкаға өтініш бергенін растады. Алайда негізгі шешімді Мемлекет басшысы қабылдайтын болады. 23 ақпанда Кентау қаласының әкімі аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталды. Ол өзінің сенімді тұлғалары арқылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында қаладағы автокөлік жолдарын жөндеумен айналысатын серіктестік директорынан 98 500 АҚШ долларын (42 млн 500 мың теңге) алды деп айыпталды. 13 шілдеде сот Кентау қаласының бұрынғы әкімі Дәурен Махажановты пара алғаны үшін кінәлі деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Ал 24 тамызда Алматы қалалық соты сотталушының апелляциялық шағымын қарап, оны қанағаттандырмады.