Алматы – Қазақстан экономикасының қозғаушы күші
Алматы – Қазақстан экономикасының қозғаушы күші
539
оқылды
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Сырым Адамбаев Алматыдағы «ASSET» ЖШС полимерлік бұйымдарды өндіру зауытының жұмысымен танысу және кәсіпорын қызметкерлерімен кездесу барысында осындай пікірімен бөлісті. «ASSET компаниясы» – 2009 жылы Қазақстан мен бүкіл Орта Азия нарығына ең сапалы құрылыс материалдарын жеткізетін компания. Өзінің даму жылдары ішінде үш адамнан тұратын шағын кәсіпорыннан құрылыс материалдары нарығында 60 жұмыскері бар ірі өндіріске дейінгі жолды өтті. Қазір зауыт Алматы қаласының Индустриялық аймағында орналасқан, онда 70 жобаның 19-ы іске асырылып, жыл басынан бері 3500-ден астам жұмыс орны ашылды. Қалған жобаларды 2025 жылға дейін іске асыру жоспарлануда, нәтижесінде аталған аумақта Алматы қаласында сайлауалды бағдарламаны орындау жөніндегі Жол картасына сәйкес 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылады. алматы Қазіргі уақытта зауыт Қазақстандағы желдету, жылу және гидрооқшаулау құрылыс жүйелері бойынша жетекші орында. Зауыт сонымен қатар жуғыш заттарды – сұйық киім және ыдыс жуғыш заттар мен сабын шығарумен айналысады. Зауыт қызметкерлерін тыңдап болған соң, парламент мүшесі қызметкерлерге қажетті жағдай жасалғанына, жалақы уақытылы берілетініне, индустриялық аймақта үш автобус бағыты жұмыс істейтініне көз жеткізді. Жұмысшылар депутаттан жолдардың жағдайын жақсартуды және қосымша жол белгілерін қоюды сұрады.
«Біздің фракция мүшелері Қазақстан бойынша кездесулер өткізуде. Кездесулер әртүрлі жерлерде өтеді – бұл мектептер, ауруханалар, мұражайлар, зауыттар және басқа да салынып жатқан нысандар. Бүгін біз отандық материалдар шығарылатын және бағасы шетелден төмен болатын Индустриялық аймаққа бардық. Сондай-ақ, мұнда арнайы жоғары оқу орнын ашу жоспарлануда, студенттер енді тікелей өндірісте тәжірибеден өте алады», – деп атап өтті С.Адамбаев.
Бүгін мәжілісмендер Алматыдағы халықпен кездесулерді аяқтады. Еңбек ұжымдарымен, жастармен сөйлесу, олардың проблемаларын білу және республикалық деңгейде көтеру – депутаттардың басты мақсаты. Нәтижесінде депутаттар азаматтардың тілектері мен ұсыныстарын ескере отырып, олардың мәселелерін республикалық деңгейде көтереді, ал олардың құқықтық шешімдерді талап ететіндерін талқылаудан кейін заңнамалық түрде бекітеді. алматы Бұл жолы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Алматы қаласындағы отыздан астам еңбек ұжымында болып, мыңға жуық алматылықтармен кездесті.