Талдықорғанда көпқабатты үйдің жанынан бойжеткеннің денесі табылды
Талдықорғанда көпқабатты үйдің жанынан бойжеткеннің денесі табылды
Талдықорғанда көпқабатты үйдің жанынан 23 жастағы қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі. Талдықорғанда 25 тамыз күні кешкісін құрылысы аяқталмаған көпқабатты үйдің жанынан жас қыздың мәйіті табылғаны хабарланды. Полицейлер марқұмның 23 жастағы жергілікті тұрғын екенін анықтады.
«Болжам бойынша, бойжеткен биіктен секіріп, өзіне қол жұмсаған. Оны өзіне қол жұмсауға итермелеген мән-жайлар мен себептер анықталып жатыр», - делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.