Ақмола облысындағы мұсылман зиратынан қару-жарақ табылды
Ақмола облысындағы мұсылман зиратынан қару-жарақ табылды
278
оқылды
Көкшетау қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері Щучинск қаласының маңында орналасқан мұсылман зиратынан атыс қару-жарағын тапты. Рolisia.kz сайтының хабарлауынша, полицейлер зираттан «НЦ-12» маркалы тегіс ұңғылы аңшы мылтығын, «Сайга-410» маркалы тегіс ұңғылы мылтық, 36 және 9 калибрлі патрондар тапты. Табылған қарулар мен патрондар сараптамаға жіберілді. қару-жарақ
«Тексеру барысында олардың иесі анықталды. Ол 48 жастағы Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны болып шықты. Ер адам 2015 жылы полицияға қарудың жоғалғаны туралы өтінішпен жүгінген. Қаруды жоғалту немесе ұрлау оның иесін әртүрлі жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін. Мұндай жағдай орын алса, дереу полицияға хабарлау қажет». – делінген полиция мәліметінде.
қару-жарақ