Өткен тәулікте коронавирус 228 адамнан анықталды. Бұл туралы Үкімет жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.
Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласында – 47,
Алматы қаласында – 38,
Шымкент қаласында – 3,
Ақмола облысында – 35,
Ақтөбе облысында – 0,
Алматы облысында – 2,
Жетісу облысында – 0,
Атырау облысында – 2,
Шығыс Қазақстан облысында – 8,
Абай облысында – 2,
Жамбыл облысында – 3,
Батыс Қазақстан облысында – 10,
Қарағанды облысында – 46,
Ұлытау облысында – 5,
Қостанай облысында – 0,
Қызылорда облысында – 0,
Маңғыстау облысында – 6,
Павлодар облысында – 10,
Солтүстік Қазақстан облысында – 11,
Түркістан облысында – 0.
Айта кетейік, елімізде коронавирусқа шалдыққандардың жалпы саны 1 388 249-ға жетті.