Солтүстікқазақстандықтар ұсақ қиыршық тас, цемент сатып алып, жолды жамауға кірісті
Солтүстікқазақстандықтар ұсақ қиыршық тас, цемент сатып алып, жолды жамауға кірісті
©halyq-uni.kz
511
оқылды
Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Бидайық ауылында Целинная көшесінің тұрғындары уәде етілген жолдың жөндеу жұмыстарын күтпестен, өз күштерімен жұмысқа кірісті. Petropavlovsk.news-тың хабарлауынша, тұрғындар ұсақ қиыршық тас, цемент сатып алып, жолды жамауға кірісті. Бидайық көшелері Кеңес Одағынан бері жөндеу көрмеген. Қазір бұл көшелердегі жолсыздық тұрғындардың басты мәселесіне айналған. Бидайықтағы жолдарды жөндеудің жобалық-сметалық құжаттары әлдеқашан дайын. Жолды жөндеуге 336 миллион теңге бөлінген. Аудан басшылығы мен ауылдық округ әкімдігі жөндеу жұмыстары басталғалы жатыр деп уәде берсе де, жұмыстар әлі басталар емес. Тіпті, әзірге жарияланған тендерлердің ешқайсысы өтпеген. https://www.youtube.com/watch?v=m6htMG6H96Q