Павлодарда жантүршігерлік жол апатынан көлік жүргізушісі қаза тапты
Павлодарда жантүршігерлік жол апатынан көлік жүргізушісі қаза тапты
Фото: polisia.kz
251
оқылды
Павлодарда екі көлік соқтығысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Polisia.kz-тің мәліметінше, 29 тамызда сағат 22.00-де Павлодар қаласында Торговая-Центральная көшелерінің қиылысында Volkswagen Polo автокөлігі жол апатына ұшырады. 24 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай, Lada автокөлігімен соқтығысты.
«Жол апаты салдарынан Volkswagen Polo автокөлігінің жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Lada автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі жарақатпен ауруханаға жеткізілді», – деді Павлодар облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Полиция жол апатының себебін анықтап жатыр. Биыл облыста 263 жол апатынан 44 адам қаза тапты, 403 адам жарақат алды.