Air Astana компаниясының мәліметінше, FlyArystan компаниясына тиесілі ұшақты тексеру үшін Алматыдан арнайы инженер жіберілді.
Анталья-Ақтөбе бағытындағы КСХ 7820 рейсі қонатын кезде Аirbus A320 ұшағының шассиіне құс кіріп кеткен.
Құстың кесірінен Ақтөбе-Атырау бағытындағы КС 7292 рейсі алдын ала мәліметтер бойынша 3 сағат 50 минутқа, Атырау-Ақтау-Атырау бағытындағы KC7275/7276 рейсі 15 сағатқа кешігеді.
Жыл басынан бері Air Astana ұшақтарына 99 рет құс соғылған.
Бұған дейін күні кеше Алматыдан елордаға бет алған ұшақтың қозғалтқышына құстар кіріп кеткенін хабарлаған болатынбыз.