Кір жуғыш машинаның ішіне есірткі сақтаған ер адам ұсталды – видео
Кір жуғыш машинаның ішіне есірткі сақтаған ер адам ұсталды – видео
Фото: видеодан скриншот
Түркістан облысы Жетісай ауданында есірткі сақтаған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Polisia.kz-тің хабарлауынша, есірткіні кір жуғыш машинаның ішіне сақтаған. Полицейлер «Қарасора – 2022» профилактикалық іс-шарасын өткізді. Тексеру барысында Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері орта жастағы ер адамның есірткі сақтағанын анықтады.   https://youtu.be/Ga-OZ2LcrFs Оның үйін тінту кезінде оның ауласынан бірнеше түп сора мен сарай ішінде тұрған кір жуғыш машинадан ақ қағазға оралған марихуана табылды. Аталған факті ҚК-нің 296-бабы бойынша тіркеуге алынды. Қазір  күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.