Биыл 1-сыныпқа баратын 400 мыңға жуық баланың 70% қазақ тілінде оқуды таңдады – Асхат Аймағамбетов
Биыл 1-сыныпқа баратын 400 мыңға жуық баланың 70% қазақ тілінде оқуды таңдады – Асхат Аймағамбетов
Фото: newsroom.kz
Бүгін – Білім күні! 1 қыркүйекте барлық мектепте алғашқы қоңырау соғылады. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 2022-2023 оқу жылында елімізде 3,6 млн бала 7 637 мектепте білім алады. Министр Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, баланы 1-сыныпқа қабылдауға ата-аналардан 400 мың өтініш түскен. Өтініш берушілердің 70%-дан астамы қазақ тілінде оқуды таңдаған.
«Сіздерді 1 қыркүйек – жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын! Бұл – ерекше мереке, өйткені бәріміз де оқушы болдық және осы күні ұмытылмас мектеп жылдарын еске аламыз. Бұл – бүкіл ұрпақты біріктіретін мереке. Бұл күн, әсіресе бірінші сынып оқушылары, олардың аналары мен әкелері, ата-әжелері үшін көңіл толқытар сәттің бірі болады. Биыл 400 мыңға жуық бала 1-сыныпқа барады. Олар алғашқы Әліппесін қолына алып, білім әлеміне қадам басады. Бұл – мектеп бітіруші 170 мың түлек үшін де айрықша күн. Өйткені түлектер қорытынды емтихандарға, университеттерге түсуге және өмірдегі жаңа кезеңнің басталуына дайындалады. Ол ыңғайлы болуы үшін былтырдан бері ҰБТ тапсыру рәсіміне бірнеше артықшылық енгізілді. Яғни, бұл – ҰБТ-ны 4 рет тапсыруға және грантқа түсуге 2 мүмкіндік. 7,6 мың мектепте 3,7 млн бала оқиды», – деді министр.
Қазір Қазақстан бойынша 280 мыңдай балаға орын жетпейді. 2025 жылға қарай бұл сан 1 млн орынға жетуі мүмкін. «1 000 мектеп» жобасы аясында былтыр 270 мектеп салынса, биыл 225 мектепті қолданысқа беру көзделген. 192 күн демалыс, 173 күн сабақ. Биылғы оқу жылының басты жаңалығы – оқушылар 5 күн оқиды. Биыл 80-ге жуық жаңа мектеп ашылады. Жыл соңына дейін барлығы 230-дан астам мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр.