Мәжіліс депутаты Андрей Линниктің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтады
Мәжіліс депутаты Андрей Линниктің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтады
278
оқылды
Бүгін Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановтың төрағалық етуімен Парламент Мәжілісінің VII шақырылымы III сессиясының алғашқы жалпы отырысы өтті. Күн тәртібіне кіріспес бұрын палата Төрағасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдаған Жолдауының басым бағыттарына тоқталды.      width= 
«Жолдау бұрын басталған реформалардың логикалық жалғасы болып табылады. Өте маңызды, еліміздің болашақ дамуына, тағдырына қатысты ауқымды мәселелер көтерілді. Ең бастысы, Мемлекет басшысы Жолдауда алғаш рет болашақ сайлау науқандарының кестесін жариялап, еліміздің бүкіл саяси жүйесінің жаңарып-жаңғыруына жол ашып берді», – Е.Қошанов.
Мәжіліс Төрағасының пікірінше, Жолдауда айтқан барлық мәселелер қоғам сұранысына сай келеді. Қазір қазақстандықтарды толғандыратын ең басты мәселе – экономиканың дамуы, халықтың әл-ауқатын арттыру. Елді баға мен тарифтердің өсуі алаңдатып отыр. Президент Жолдауда көптің көкейінде жүрген осы сұрақтарға нақты жауап берді. Ол «Азамат – бизнес – мемлекет» арасындағы қатынасты түбегейлі өзгертуді ұсынды. Сонымен қатар палата Спикері ел Президенті Парламент жұмысының негізгі бағыттарын айқындап бергеніне баса назар аударды. «Ағымдағы сессияда депутаттар жұмыс істейтін заң жобаларының ерекше маңызы бар және оны қоғам да күтіп отыр. Сондықтан оларды қарау кезінде халықтың, азаматтық қоғам өкілдері мен сарапшылардың пікірі мейлінше ескерілуге тиіс», – деді Е.Қошанов. Жалпы, отырыс барысында депутаттар бірқатар жаңа заң жобасын жұмысқа алды. Олар: «Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы», «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы», «Прокуратура туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Мемлекет басшысының 2022 жылғы  16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заң жобаларын жұмысқа алды. Сонымен қатар палата комитеттері «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» және «денсаулық сақтау мәселелері» бойынша заң жобаларын жұмысқа алды. Сондай-ақ  жалпы отырыс барысында депутаттар бірқатар халықаралық  ратификациялық заң жобаларын жұмысқа алды Жалпы отырыста палата Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Андрей Григорьевич Линниктің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулы қабылдады.