Маңғыстауда жүк көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысып, үш адам қаза тапты
Маңғыстауда жүк көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысып, үш адам қаза тапты
306
оқылды

Маңғыстаудағы «Шетпе-Жетібай» тасжолының бойында жүк көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысып, жеңіл көліктегі үш адам көз жұмды.

Оқиға 2 қыркүйекте сағат 20.00 шамасында Шетпе-Жетібай тасжолының 112/117 шақырымында болған.
«Шетпе ауылына қарай бара жатқан «ВАЗ 2115» автокөлігі жолдың қарсы қозғалыс жолағына шығып, «Man» маркалы жүк көлігімен соқтығысқан. Салдарынан «ВАЗ 2115» көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды», - деп хабарлады Маңғыстау облыстық Полиция басқармасының баспасөз қызметі.
Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша СДТБТ-де тіркелді. Тергеу амалдарын жүргізу басталды.