Журналистердің әлеуметтік мәртебесінен гөрі құқықтық мәртебесін қарастыру керек - министр
Журналистердің әлеуметтік мәртебесінен гөрі құқықтық мәртебесін қарастыру керек - министр
302
оқылды
Журналистердің әлеуметтік мәртебесінен гөрі құқықтық мәртебесін қарастыру керек. Үкімет кулуарында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі осылай деп мәлім етті. Министрге журналистер арасында кеңінен талқыланып жүрген БАҚ туралы заңға қатысты сұрақ қойылды.
"Заң бүгінге дейін талқыланып келді. Заңнамадағы нақты мәселелерді жұмыс тобымен бірге қарастыратын боламын. Содан кейін сіздерге ақпаратты жария ететін боламыз. Қазір мен жұмысыма енді кірістім. Журналистер - азаматтық қоғамның негізгі тірегінің бірі. Сондықтан журналистердің мәселесін жақсы білемін. Олардың жалақы мәселесі, әлеуметтік мәселелері бар. Олармен жеке әрі жіті танысқаннан кейін сіздермен тағы талқылайтын боламыз", - деп түсіндірді Ақпарат министрі.
Дархан Қыдырәлінің айтуынша, журналистердің әлеуметтік мәртебесінен гөрі құқықтық мәртебесін қарастыру керек.