Мектеп инженері оқушылардың 200-ге жуық компьютерін ломбардқа өткізіп жіберген
Мектеп инженері оқушылардың 200-ге жуық компьютерін ломбардқа өткізіп жіберген
608
оқылды
Шымкент қаласында мектеп инженері оқушылардың 200-ге жуық компьютерін ломбардқа өткізіп жіберген. Бұл туралы Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева Facebook парақшасында жазды. Мектептің жабдықтау жөніндегі инженері Н. есімді азамат өз лауазымын пайдаланып «жөндеу қажет» және тағы басқа да сылтаулармен мемлекет мүлкін ломбардқа өткізіп, сатып жіберген. 2021-2022 оқу жылы аяғында мүліктік инвентаризация жасау барысында мектеп директоры жағдайды анықтап, білім басқармасы тарапынан Әл-Фараби аудандық полиция департаментіне шағымданған. «Бұл Шымкент қаласының мектебінде болған жағдай. Мектепте жалпы 575 компьютер болған. Пандемия кезінде компьютерлер ата-аналарға берілгені белгілі. Сот үкімімен күдікті кінәлі деп танылып 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айрылды. Алайда, аппеляциялық шағым түсіріп, 3 ай көлемінде компьютерлерді қайтаруға мерзім сұрады», -деді Ж. Тәжиева.