Қостанайда бүгінгі ауа райы қандай болады?
Қостанайда бүгінгі ауа райы қандай болады?
574
оқылды
«Қазгидромет» РМК деректері бойынша 4 қыркүйекте Қостанай облысының Әулиекөл ауданында жоғары температура 28 градусқа дейін, желдің жылдамдығы секундына 9 метрге дейін сақталады. 3 қыркүйек күні метеорологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты, оның ішінде ауа температурасының 36 градусқа, желдің жылдамдығы 23 метрге дейін көтеріліп, өрт аумағы 9 400 гектардан асты. Әулиекөл ауданындағы орман алқабының жалпы ауданы - 40 000 гектар.
"Аманқарағай, Новонежинка, Калинино, Лесное, Озерное елді мекендеріне қауіп төнді. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Озерное ауылынан (250 адам) және Аманқарағай ауылының солтүстік бөлігінен (1 000 адам), Калинино ауылынан (228 адам), Лесное ауылынан (363 адам) жалпы барлығы 1 841 адам эвакуацияланды", - деп мәлімдеді жедел штаб өкілдері.
Жергілікті атқарушы органдар эвакуацияланған адамдарды Әулиекөл орта мектебі мен Әулиекөл мектеп-интернатына орналастырды. ТЖ министрлігі мен департаментінде жедел желі ашылды, психологтердің  жұмысы ұйымдастырылды.