Қостанайда қару-жарақ дүкенінде қаза тапқандар саны төрт адамға жетті
Қостанайда қару-жарақ дүкенінде қаза тапқандар саны төрт адамға жетті
1,092
оқылды
Қостанайда қару-жарақ дүкеніндегі өрт кезінде қаза болғандар саны төрт адамға жетті. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі өкілі айтты. "Дүкеннің 7 қызметкері зардап шекті, олардың төртеуі қайтыс болды, үшеуін күйік шалып, ауруханаға түсті", - деді Бас прокуратураның баспасөз қызметі өкілі. Бұған дейін өрттен екі адам қаза тапқаны хабарланған болатын.