Балқаш қаласының әкімі ауысты
Балқаш қаласының әкімі ауысты
Фото: gov.kz
332
оқылды
Президент Әкімшілігі мен қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Қайрат Амангелдіұлы Қамзин Балқаш қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімдігі хабарлады. Ол бұған дейін Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы қызметін атқарған. Аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек Балқаш қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясына қатысып, жаңа әкімнің кандидатурасын ұсынды. Депутаттар бірауыздан мақұлдады. Қайрат Қамзин мемлекеттік қызметте 2005 жылдан бері жұмыс істейді. Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінде, Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппаратында, Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінде жұмыс істеді. Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары, Приозерск қаласының әкімі, МСҚБ облыстық басқармасының басшысы болды. 2022 жылдың шілде айынан осы уақытқа дейін Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасын басқарды.