Шымкентте 2 жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті
Шымкентте 2 жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті
© Оtyrar.kz
Шымкентте «Нұрсәт» шағынауданындағы көпқабатты үйдің терезесінен екі жасар бала құлап кетті. Оtyrar.kz жазуынша, оқиға 4 қыркүйекте кешке болған. 2020 жылы туған бала екінші қабаттағы терезеден құлап кеткен. Сәби балалар ауруханасына жеткізілді.
«Қалалық балалар ауруханасында балаға жабық бассүйек-ми жарақаты, іш жарақаты деген алдын ала диагноз қойылды. Дәрігерлер ұл баланың жағдайын орташа тұрақты деп бағалап отыр. Сағат 20:45-те дәрігерлер қараған соң, амбулаторлық емделуге үйіне жіберілді», - делінген қалалық ТЖД хабарламасында.
Айта кетсек, соңғы сегіз айда қалада осымен алтыншы бала терезеден құлап кеткен.