Талдықорғанда өгей қызын зорлаған педофил 20 жылға сотталды
Талдықорғанда өгей қызын зорлаған педофил 20 жылға сотталды
933
оқылды
Талдықорғанда өгей қызын зорлаған әке 20 жылға сотталды, – деп хабарлады polisia.kz.
«Талдықорған қаласында тергеу аяқталды. Өзінің 13 жастағы өгей қызын қорлады деп айыпталған 49 жастағы ер адамға үкім шығарылды. Бала өгей әкесі тарапынан бірнеше рет жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырағаны анықталды. Бұл қылмыстық іс материалдарымен дәлелденді және сот үкімін шығару кезінде ескерілді», – делінген мәліметте.
Аталған оқиғаны былтыр қараша айында баланың мектеп мұғалімдері анықтаған. Жасөспірім әлеуметтік желідегі парақшасында өгей әкесінің зорлық-зомбылығынан кейін суицид жасағысы келетіні туралы жазған. Мектепке шақырылған қыздың анасы мұғалімдермен сөйлесіп, полицияға ресми арызбен жүгінген. Аталған факті бойынша   Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдікті ұсталып, қамаққа алынды.
«49 жастағы ер адамның 2002 жылы Атырау облысында осындай әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылып, жазасын түзеу мекемесінде өтегені анықталды. Күдіктінің аталған бап бойынша соттылығы туралы жұбайы білмеген. Тергеу барысында күдіктінің қызды бірнеше рет қорлағаны дәлелденді. Жыныстық зорлық-зомбылық баланың 8-9 жасынан басталғаны анықталды. Ер адам қылмыс жасағанын мойындады. Тергеу аяқталғаннан кейін іс материалдары айыптау қорытындысымен сотқа жіберілді», – деді Жетісу облыстық Полиция департаменті Тергеу басқармасының бастығы Руслан Чарапиев.
Педофил бойынша істі Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот қарады, оның шешімімен айыпталушы 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауiпсiздiгі төтенше жоғары түзеу мекемесiнде өтейтін болады. Сот үкімі заңды күшіне енді.