Елорда әуежайының басқарма басшысы қызметінен босатылды
Елорда әуежайының басқарма басшысы қызметінен босатылды
330
оқылды
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ басқарма төрағасы Ғабит Тәжімұратов қызметінен босатылды. «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ-ның жалғыз акционері ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің шешімімен 2022 жылғы 6 қыркүйекте басқарма төрағасы Ғабит Қалиұлы Тәжімұратовтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Басқарма төрағасының міндетін уақытша атқарушы болып Басқарма төрағасының орынбасары Мұхиден Әбілдинов тағайындалды», – делінген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің мәліметінде.