Мәжіліс төрағасы елордаға Астана атауын қайтару ұсынысына қатысты пікір білдірді
Мәжіліс төрағасы елордаға Астана атауын қайтару ұсынысына қатысты пікір білдірді
© фото: Айтжан Мұрзанов
621
оқылды
Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов елордаға Астана атауын қайтару ұсынысына қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Елорданың атауын өзгерту мәселесіне тоқталсақ, бұл бастама біздің депутаттардың, депутаттық топтың ұсынысы болып отыр. Бірнеше жыл бұрын елорданың атауын өзгерткеннен бастап қоғамның ішінде пікірталас әлі де толастамады. Сондықтан халық арасында түрлі пікір бар. Соның көбісі бұрынғы атауын қайтаруға қатысты», – деді Е.Қошанов Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап бере отырып.
Осы орайда ол депутаттар халық үніне құлақ асу қажет деген пайыммен елорданың бұрынғы атауын қайтару мәселесін көтергенін айтты.
«Енді, алда қандай шешім болатынын күтейік», – деді Мәжіліс төрағасы.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Үкімет мүшелері елордаға Астана атауын қайтару ұсынысы туралы пікір білдірген болатын.