"Әрекетін түсіндіре алмады": Алматы облысында шөпке қасақана от қойған ер адам ұсталды
"Әрекетін түсіндіре алмады": Алматы облысында шөпке қасақана от қойған ер адам ұсталды
570
оқылды
Алматы облысы Полиция департаменті бұл оқиғаның 6 қыркүйекте Жамбыл ауданы Еңбекшіарал кентінің маңында болғанын растады. Далалы жерде кепкен шөпті өртеп жіберген ер адам анықталып, аудандық полицияға жеткізілді. Ол 39 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.
«Жауап алу кезінде ұсталған адам өз әрекетін түсіндіре алмады, өйткені ол мас болған. Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», – деп мәлімдеді Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда ағаштарға өрт қойған ер адам ұсталғанын хабарлаған болатынбыз. https://www.youtube.com/watch?v=iiHF0Scwx80