Шығыс Қазақстанда рульге ие бола алмаған жолаушы жүк көлігіне соқтығысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Polisia.kz-тің дерегінше, 6 қыркүйек сағат 11.27 шамасында Ұлан ауданында Өскемен-Алматы тасжолының 45-шақырымында жол апаты болды.
Toyota Ipsum автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай, алдында келе жатқан КамАЗ-бен соқтығысты.
[caption id="attachment_216607" align="alignnone" width="1200"] Фото: polisia.kz[/caption]
Көліктегі 38 және 44 жастағы екі жолаушы оқиға орнында қайтыс болды. Автомобильдің 24 жастағы жүргізушісі, 40 және 20 жастағы екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді.
Аталған факті бойынша ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.