Маңғыстауда пара алған тергеушіге қатысты сот үкімі шықты
Маңғыстауда пара алған тергеушіге қатысты сот үкімі шықты
Фото: mail.kz
623
оқылды
Маңғыстау облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеушісіне қатысты сот үкімі шықты. Агенттіктің хабарлауынша, әлеуметтік желіде пара алған Маңғыстау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің сотталған тергеушісі А.Ізбасар туралы ақпарат тарады. Ізбасарға қатысты Ақтау қалалық соты үкім шығарған, ол заңды күшіне енді. Үкімге сәйкес, Ізбасарды арнайы атақтан айыра отырып, 15 миллион теңге айыппұл салынды. Өмір бойы мемлекеттік қызметте еңбек ету құқығынан да айырылды. А.Ізбасарды агенттіктің жеке қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері әшкереледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорлыққа қарсы, оның ішінде өз қатарында ымырасыз күрес жүргізеді.