Үміткерлер депутаттармен жүздесті
Үміткерлер депутаттармен жүздесті
404
оқылды
Парламент Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Tomiris әйелдер көшбасшылығы бағдарламасына қатысушылармен кездесті. Жиынға «AMANAT» партиясы фракциясы же­­текшісінің орынбасары Ирина Унжакова, де­путаттар Айгүл Құспан, Жәмилә Нұрман­бе­това, Снежанна Имашева, Зарина Камасова, Ләз­зат Рамазанова қатысты. Кездесу ашық диалог форматында өтті. Бағдарламаға қатысушыларға заң шығару және фракциялық қызмет туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ депутаттар өз тәжірибесі мен кәсіби дамуы туралы ой бөлісті.
«Басшылық лауазымдағы әйелдердің өкіл­дігін кеңейту – Президент саясатының маңыз­ды бағыттарының бірі. Мұндай бағдарламалар көш­басшы әйелдерді анықтау және кәсібилігін да­мыту үшін қажет. Бағдарламаға қатысушылар – тәжірибелі көшбасшылар. Олардың әрқай­сы­сы жетістікке жеткен, әлеуметтік маңызы бар жобалардың авторы. Tomiris бағдарла­ма­сына қатысу оларды жаңа деңгейге шығарады деп үміттенемін», – деп атап өтті фракция же­тек­шісінің орынбасары, депутат Ирина Унжакова.

Асыл ТҰМАР