Парламент Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Tomiris әйелдер көшбасшылығы бағдарламасына қатысушылармен кездесті.
Жиынға «AMANAT» партиясы фракциясы жетекшісінің орынбасары Ирина Унжакова, депутаттар Айгүл Құспан, Жәмилә Нұрманбетова, Снежанна Имашева, Зарина Камасова, Ләззат Рамазанова қатысты.
Кездесу ашық диалог форматында өтті. Бағдарламаға қатысушыларға заң шығару және фракциялық қызмет туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ депутаттар өз тәжірибесі мен кәсіби дамуы туралы ой бөлісті.
«Басшылық лауазымдағы әйелдердің өкілдігін кеңейту – Президент саясатының маңызды бағыттарының бірі. Мұндай бағдарламалар көшбасшы әйелдерді анықтау және кәсібилігін дамыту үшін қажет. Бағдарламаға қатысушылар – тәжірибелі көшбасшылар. Олардың әрқайсысы жетістікке жеткен, әлеуметтік маңызы бар жобалардың авторы. Tomiris бағдарламасына қатысу оларды жаңа деңгейге шығарады деп үміттенемін», – деп атап өтті фракция жетекшісінің орынбасары, депутат Ирина Унжакова.