Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Қаулысы жарияланды. Онда Мемлекет басшысының Қаулысымен үш өрт сөндіруші жоғары марапаттарға ие болғаны айтылған.
"ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін наградталсын:
Төтенше жағдайлар министрлігі бойынша ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен:
Тоғызбаев Айдос Ерұланұлы (марқұм) – Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №14 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі;
Тұрлыбеков Амангелді Айтмұхашұлы – Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №14 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;
"Ерлігі үшін» медалімен:
Нұрлан Сәлімжан – Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №14 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 10 қыркүйек
№ 1003", - делінген құжатта.