Ақтаудағы жедел жәрдем қызметкерлері жұмысқа шықпай қалды
Ақтаудағы жедел жәрдем қызметкерлері жұмысқа шықпай қалды
536
оқылды
Маңғыстау облыстық жедел жәрдем станциясындағы жүргізушілер мен фельдшерлер бүгін, 11 қыркүйекте жұмысқа шықпай қалды. Облыстық жедел жәрдем қызметкерлерінің айтуынша, олар жалақыны көтеру мәселесі бойынша басшылыққа бірнеше рет жүгінген. Ақтауда жиналғандардың айтуынша, бірінші санаттағы жедел шақыруларға қызмет көрсететін тек екі жедел жәрдем көлігі бар. Дәрігерлердің айтуынша, басшылық кездесуге шығып, мәселені ертең шешуге уәде берген.