Қызылжарда жол апатынан екі мұғалім қаза тапты – видео
Қызылжарда жол апатынан екі мұғалім қаза тапты – видео
Фото: видеодан скриншот
Қызылжарда жол апаты болды. AstanaTV-ның мәліметінше, оқиға Петропавл – Жезқазған тасжолында болған. Тапа-тал түсте Тимириязев ауданынан келе жатқан Audi көлігі негізгі жолда келе жатқан жүк көлігінің алдын кесіп өтпек болған. Бірақ жолдан өтіп үлгермей, жүк көлігінің астына кіріп кеткен. Жеңіл машинаның жүргізушісі мен жолаушы ауыр жарақат салдарынан сол жерде көз жұмды. Жүк көлігінің иесі дін аман. Жедел зертханалық сараптама оның ішімдік ішпегенін анықтады.  Қайтыс болған 31 жастағы ер адам аграрлық колледждің, ал оның 41 жастағы туысы сол ауылдағы өнер мектебінің мұғалімі болған. https://youtu.be/woYOpIJsW8c