"Бүгінде климаттың өзгеруі, пандемия сияқты мәселелер барша әлемге жан-жақтан өзінің әсерін тигізуде. Одан бөлек түрлі елдер арасындағы қақтығыстар, терроризмге ниетті топтар адамдардың бірлігіне қауіп төндіріп отыр. Өткелі отырған съездің мақсаты – диалогке шақыру, қақтығыстарды тоқтату, бейбітшілікке қол жеткізу. Экологиялық таза әлем құру үшін саясаткерлер мен кәсіпкерлердің күші жеткіліксіз. Бұл жолда дін өкілдерінің бір жерге жиылып, өзекті мәселелерді талқылауы өте маңызды. Адамзаттың гүлденуі жолында осы съезді кезекті рет өткізіп отырмыз. VII съезде өзекті мәселелерді талқылап, солардың шешу жолы мен жауабын алуға тырысатын боламыз. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі жаһандық бейбітшілікке жету жолын айқындап береді деп сенеміз" – деді Мәулен Әшімбаев.
Экологиялық таза әлем құру үшін саясаткерлер мен кәсіпкерлердің күші жеткіліксіз – Мәулен Әшімбаев

897
оқылды
оқылды