Мәулен Әшімбаев елордаға Астана атауын қайтаруға қатысты пікір білдірді
Мәулен Әшімбаев елордаға Астана атауын қайтаруға қатысты пікір білдірді
Фото: qazaq1913.com
2,821
оқылды
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев елордаға Астана атауын қайтару мәселесіне қатысты пікірін айтты, – деп жазды inform.kz. Оның айтуынша, бұл мәселеде әр адам өз пікірін айтуға құқылы.
«Ең бастысы, халықтың пікірін ескеріп, елмен санасуымыз керек. Халықтың пікірі – негізгі фактор. Осы орайда жарияланып жүрген ұсыныстарды естіп, Мәжілістің депутаттары тиісті бастаманы көтеріп жатыр. Бұл тұрғыда халық не айтса, сол болуы керек», – деді Мәулен Әшімбаев.
Бұған дейін Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановтың пікірін жариялаған болатынбыз.