Рудныйда екі жігіт қылмыс үстінде қолға түсті
Рудныйда екі жігіт қылмыс үстінде қолға түсті
585
оқылды
Рудныйда екі ер адам қылмыс үстінде қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz. Қостанай облысында екі ер адам металл тіректі ұрлауға тырысқанымен, қылмыстық ниетін соңына дейін жеткізе алмады. Күзет қызметкерлері жоғары вольтты бағананы ұрлаған күдіктілерді ұстады.
«Рудный қаласында 31 және 33 жастағы ер адамдар кәсіпорындардың бірінің шаруашылық аумағына кірген. Жергілікті тұрғындар газ жалынды жабдықтың көмегімен жоғары вольтты металл тіректерді кескен. Ұрлық жасау барысында оларды күзет қызметкерлері ұстады», – деді Қостанай облысы ПД Күзет қызметін бақылау бөлімінің бастығы Абзал Болатов.
Металл сынықтарының салмағы 750 келіні құрады. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.