Атаулы әлеуметтік көмек – мұқтаждарға медет
Атаулы әлеуметтік көмек – мұқтаждарға медет
798
оқылды
«AMANAT» партиясы Ақтау қалалық филиалына Ақтау қаласының тұрғыны, жалғыз басты ана, жұмыссыз, әлеуметтік жағдайы төмен Кашанова Стелла Жанбеққызы атаулы әлеуметтік көмек алу және мектеп оқушыларына берілетін көмекті алу бойынша көмектесуді сұрап арызданған. Нәтижесінде жалғыз басты ананың мәселесі оң шешімін тапты. «AMANAT»  партиясы Ақтау қалалық филиалынының артқарушы хатшысы А. Шамшадинованың қабылдауында болып, арыз негізінде Ақтау қалалық жұмыспен қамту орталығы мен Ақтау қалалық білім бөлімі басшылығына тиісті хат жолданды.         Нәтижесінде, мәселе оң шешіліп, Ақтау қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы 3 тоқсанға атаулы әлеумететтік көмек тағайындалды және мектепке көмек алуға өтініші қабылданды. Мәселе оң шешімін тапқандықтан  С. Кашанова «AMANAT» партиясы Ақтау қалалық филиалының атқарушы хатшысы А. Шамшадиноваға және  «AMANAT» партиясы Ақтау қалалық филиалы ұжымына алғысын білдірді.