Иранның бастамасын қолдады
Иранның бастамасын қолдады
614
оқылды
Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқанд қаласында өтіп жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті аясында Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раисимен кездесу өткізді. Кездесуде Қазақстан Прези­денті биыл маусым айында өзінің Тегеранға жасаған сапарын ықы­ласпен еске алып, қол жеткізген уағдаластықтарды жүзеге асыру үшін Үкіметке тиісті тапсырмалар берілгенін атап өтті. Қазақстан тарапы қысқа мер­зімде Иранға жеткізілетін тауар­лар тізімін әзірлеген. Сондай-ақ біздің еліміз Иран тарапының да осындай тауарлар тізімін қарас­тыруға және қолдауға дайын. Бұл екіжақты сауда-саттық көлемін 3 миллиард долларға дейін арттыру жөніндегі мақсатқа қол жеткізуге септігін тигізеді. Президент маусым айында Те­геранда екі ел басшылары негі­зін қалаған көлік-транзит дәлізі­нің табысты дамып келе жатқаны­на көңілі толатынын жеткізді. Кездесуде транзиттік жүк та­сы­малын одан әрі ұлғайту мақса­тында «Қазақстан-Түрікменстан-Иран» теміржол тармағының әлеуе­тін дамытудың маңызды­лы­ғы, сондай-ақ Каспий маңы ел­дерінің порттары арасындағы тұ­рақты паром қатынасының мүм­кіндіктерін пайдалану қажет­тігі атап өтілді. Қасым-Жомарт Тоқаев мәде­ниет саласындағы екіжақты бай­ла­ныстарды нығайтудың маңыз­ды екеніне тоқталды. Қазақстан екі ел халқы үшін маңызды тари­хи тұлғаларға қатысты бірлескен зерттеулер ұйымдастыру жөнін­дегі Иранның бастамасын қол­дады. Қазақстан Президенті Иран­ның ШЫҰ-ға толыққанды мүше болуға деген ниетін құптады және Ислам Республикасының аталған ұйымға қосылуы өңірлік өзара іс-әрекетті жандандырып, оның жұмысына тың серпін беретініне сенім білдірді. Өз кезегінде Иран Президенті елдеріміздің сауда-экономикалық мүмкіндіктері мол екенін, сон­дай-ақ ынтымақтастықты нығай­ту­ға ниет­ті екенін жеткізді. Ибрахим Раи­­си қол жеткізілген уағдалас­тық­­­тардың нәтижелері келешек­тегі өзара тығыз іс-әре­кет­тің берік ір­ге­тасы болатынына сенім біл­дірді. Кездесу соңында Қ.Тоқаев Қа­зақстан Иранмен арадағы ын­тымақтастықты жан-жақты ны­ғай­туға бейілді екенін айтып, Ибрахим Раисиді елімізге қа­рымта сапармен келуге шақырды.