Головкин Альвареспен өтетін жекпе-жек үшін қанша ақша алады?
Головкин Альвареспен өтетін жекпе-жек үшін қанша ақша алады?
NEW YORK, NY - JUNE 20: IBO/IBF/WBA/WBC Middleweight World Champion Gennadi Golovkin attends the Canelo Alvarez and Gennady Golovkin Press Tour at The Theater at Madison Square Garden on June 20, 2017 in New York City. (Photo by Brad Barket/Getty Images)
2,885
оқылды
Elfinanciero басылымы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен Сауль «Канело» Альварестің (57-2-2, 39 КО) үшінші жекпе-жек үшін қанша гонорар алатынын жазды. Жекпе-жекте кім жеңіске жетсе де екі боксшы кепілді ақшаға ие болады. Басылымның мәліметінше, Геннадий Головкиннің кепілді гонорары – 8 миллион АҚШ доллары. PPV мен қосымша табыстарды қосқанда 45 миллион АҚШ доллары сомасында пайда көруі мүмкін. Альварес болса 65 миллион АҚШ доллары көлемінде пайда көреді. 10 миллион АҚШ доллары – негізгі төлем, қалғаны – трансляция құқығы, PPV көрсетілімі және демеушілерден түсетін пайда. Бірінші жекпе-жекте «Канело» – 40 миллион АҚШ доллары, Головкин  22 миллион АҚШ доллары көлемінде пайда тапты. Ал рематчта екеуі де 30 миллион АҚШ долларынан алды. Еске сала кетсек, Головкин-Альварес жекпе-жегі 18 қыркүйек күні Лас-Вегастың (АҚШ) T-Mobile Arena кешенінде өтеді. Қазақстандықтар бокс кешін Qazaqstan және Qazsport телеарналарынан тікелей эфирден тамашалай алады. Басталуы – 18 қыркүйек, сағат 5.00. Басты айқас шамамен сағат  8.00-де басталады. GGG мен «Канело» осымен үшінші рет рингте жұдырықтасқалы жатыр. 2017 жылы өткен алғашқы кездесу тең аяқталған еді. 2018 жылы болған қарымта жекпе-жек төрешілердің басым даусымен Альварестің пайдасына шешілді. Бұл жолы боксшылар суперорта салмақта жұдырықтасады. Бірінші және екінші кездесулер орта салмақта өткен болатын. Қазір бұл санаттағы барлық чемпиондық титул «Канелоға» тиесілі. Ал Головкиннің еншісінде WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы белдіктер бар.