Белсенді жастар Геннадий мен Канелоның жекпе-жегін бірге көруге шақырды
Белсенді жастар Геннадий мен Канелоның жекпе-жегін бірге көруге шақырды
291
оқылды
"Жастар рухы" Жастар қанатының белсенділері ертең өтетін Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің жекпе-жегінің арнайы көрсетілімін ұйымдастырады. Бұл туралы ұйымның әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды. 
"Ертең әлемдік ареналарда еліміздің көк байрағын халықаралық ареналарда желбіретіп жүрген халық чемпионы Геннадий Головкиннің Сауль Альвареспен жекпе-жегі өтеді. Рухтастар, сіздерді отандасымызға бірге жанкүйер болып, жекпе-жектің арнайы көрсетіліміне шақырамыз! 18.09.2022, сағат  07.00 EXPO  алаңы, Мәңгілік ел, 53/1 Сіздер үшін арнайы бағдарлама және ыстық шай ұсынылады!" – деп жазды жастар.