Ерлан Қошанов Геннадий Головкинге қолдау көрсетуге шақырды
Ерлан Қошанов Геннадий Головкинге қолдау көрсетуге шақырды
600
оқылды
​Өздеріңізге мәлім, ертең әлемдегі ең үздік боксшының бірі, отандасымыз Геннадий Головкин мексикалық Сауль Канело Альвареспен үшінші рет шаршы алаңда кездеседі. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің, “AMANAT” партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.
"GGG – қазақ боксын дүниежүзілік деңгейге көтеріп, елдің абыройын асқақтатып жүрген даңқты спортшы. ​Алдағы тартысты жекпе-жекте жерлесімізге жеңіс тілейік және жанкүйер болайық!", – деді Ерлан Қошанов.