Оралда матч кезінде 59 жастағы ер адам қаза тапты
Оралда матч кезінде 59 жастағы ер адам қаза тапты
315
оқылды
Орал қаласында ардагерлер арасындағы футбол ойыны кезінде 59 жастағы ер адам көз жұмды, – деп хабарлайды Inform.kz. БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы Дәурен Мұқанов мәлім еткеніндей, оқиға 17 қыркүйек күні түске дейін «Ақжайық» футбол клубының стадионында болған.
«Оралда 50 жастан асқан ардагерлер арасында республикалық спартакиада аясында шағын футбол жарысы «Ақжайық» стадионында өтіп жатқан. Қайғылы оқиға Қызылорда мен Түркістан облыстары командалары арасындағы матч кезінде болды. Бәсеке басталғаннан бес минуттан өткеннен кейін алаң шетінде допты қосу кезінде қызылордалық ойыншы құлап қалған. Сол жерде дәрігерлер медициналық көмек көрсетті. Жедел жәрдем де жетті. Алайда, 59 жастағы ер адамды аман алып қалу мүмкін болмады. Оның денсаулығына шағымы болмаған және дәрігерден жарысқа қатысуға рұқсат алған», – деді ҚазАқпарат тілшісіне Д. Мұқанов.