Геннадий Головкин жеңіліп қалды
Геннадий Головкин жеңіліп қалды
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің арасындағы жекпе-жек аяқталды. 12 раундқа созылған бәсекеде Канело Альварес жеңіске жетті. Айта кетейік, жекпе-жек Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтті. Головкин мен Канело бүгін үшінші рет жұдырықтасты. Екі боксшы бұған дейін екі рет кездескен – біріншісінде тең есеп тіркелсе, екіншісінде Альварес төрешілер шешімімен жеңген болатын.