«Отауда» атқарылар жұмыс көп
«Отауда» атқарылар жұмыс көп
587
оқылды
Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов сенбілікке шы­ғып, тұрғындармен бірге ағаш отырғызды. Шаһар бас­шысы «Отау» шағын ауданы тұр­ғын­дарын толғандырған сауал­дар­­ға жауап беріп, абат­тан­дыру бойын­ша ат­қа­рылатын жұмыстар туралы алдағы жоспармен бөлісті. «Бірге таза Қазақстан» және «Дүниежүзілік тазалық күні» атты бүкіләлемдік экоакциясы аясында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікте халық елорда әкімімен еркін форматта кездесті. «Отау» ша­ғын ауданының тұрғындары өз­де­рін толғандырған бірқатар сұ­раққа жауап алып қана қоймай, шағын ауданды дамытуда ой-пі­кір­лерін ортаға салды. Қала әкімі­нің сөзінше, Алматы ауданына кіретін бұл аумақта жеңілдетілген қолжетімді тұрғын үй бой көтерді. Алдағы уақытта да ауданды дамыту бойынша атқарылар жұмыс көп. Сондай-ақ кездесуде тұрғын­дар тарапынан бірқатар мәселе қоз­ғалды. Оның ішінде халық са­­ны тұрақты өсіп отырған шаһар­­да­ғы мектеп, балабақша мен емха­наға тапшылық та сөз етіл­ді. Әлеу­­­­меттік нысандардың құры­лы­сынан бөлек, ауданды абаттандыру, қосымша автобус мар­шруттарын іске қосу, жылы аял­дамалар орна­ту, жол салу жә­не жөндеу, интернет сапасын жақ­сарту, құрылыс салу­шы тара­пы жіберген кемшіліктер, сол сияқ­ты кәріз жұмысы, сауда азық-түлік дүкенін ашу секілді өзек­ті мәселелерді де жеткізді. Тұрғындардың талабын тың­даған қала әкімі шағын ауданда екі мектеп салу жоспарланғанын ай­тып, қуантып тастады. Бүгіннің өзінде жобалық-сметалық құ­жат­тама әзірлеу жұмысы жүргізіліп, ірі мектептің құрылысына көшу жоспарланып отыр. Жұмыс сәтті жүзеге асса, аудан халқы көп ұза­май сыйымдылығы 4 мың оқушыға арналған мектептің игілігін көреді. Сонымен қатар, елорда әкімі ег­жей-тегжейлі жоспарлау жоба­сындағы балабақша құрылысы ту­ра­лы да құлағдар етті. Бұдан бө­лек, ауданда гипермаркет құры­лысына да арналған жер телімі бар екені белгілі болды. Тұрғындардың талабы тиісті дең­гейде орындалып, келіп түс­кен мәселелер бойынша сүбелі жұ­мыс қол­ға алынады. Осылай де­ген шаһар басшысы Алтай Көл­­гінов: «Бірқатарын қысқа мер­­зім­де ше­шеміз, ал жүйелі мә­селелер кө­бі­рек уақыт қажет етеді. Осы ба­ғыт­тағы жұмыс­тар­ды орындау кес­те­сін құрамыз» деп отыр.